ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

Факультет өмірі

Отанды қорғау деген мамандық бар

Біздің елімізде Жеңіс күні көп жылдар бойы ең әсерлі, ең жүрекке жылы тиетін және ең даңқты күн болып қала береді. Басқа ешбір мереке онымен теңесе алмайды. 1418 күн күндіз-түні Кеңес халқы фашист басқыншыларына қарсы қанды соғыста шайқасып, оларды талқандады. Халық өзінің Отанының тәуелсіздігі мен еркіндігін, фашисттік құлдықтан әлемдік өркениетті қорғап қалды. Ұлы Отан соғысы кезінде Германия фашисттік басқыншыларын жеңуде Қазақстан да үлкен үлес қосты. Отан қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктерін жоғары бағалады. Біздің жерлестеріміздің ішінен 528 Кеңес Одағының Батыры, 110 мың жауынгер Даңқ орденімен марапатталды. 4 қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар: Сергей Луганский, Талгат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов.

9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелей отырып, біз Жеңісті сыйлаған соғыс ардагерлерінің табандылығы мен батырлығы үшін, Отанымыздың тәуелсіздігі үшін, болашақ ұрпаққа бейбітшілікті сақтағаны үшін алғыс білдіреміз. Біз Жеңіс туралы естелігімізді, Жеңісті тойлау дәстүрін келешек ұрпаққа беруге міндеттіміз.

 

29 сәуірде біздің академиямызда ҚазБСҚА жалпы білім беру пәндері факультеті орыс тілі оқытушыларының басқаруымен 1-курс студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған «Отанды қорғау деген мамандық бар» мерекелік ісшара өткізілді. Ісшара ұлы мамыр мерекесі – Отанды қорғау және Жеңіс Күні мерекелеріне арналды. Студенттер соғыс жылдарындағы әндерді айтты, соғыс тақырыбына шағын көріністер қойып, өлеңдер оқыды. Ісшараға қонақ ретінде Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің әскери институтының өкілдері шақырылды. Олар студенттерге қазіргі заманғы әскери адамдар мен офицерлердің әскери өмірі туралы айтып берді. 

 

ҚазБСҚА студенттері «Миллионға идея» инновациялық жобалар таныстырылымында

Алматыда 25-26 сәуірде «Тірегі сендер елімнің» V республикалық студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми салаға тарту.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодардан келген жеті жоғары оқу орнының өкілдері елдегі үздік студенттер тобы атағы үшін күресті. Олимпиаданың конкурстық тапсырмалары арасында дене тәрбиесі бойынша президенттік тест тапсыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу, студенттік өмір туралы бейнероликтерді көрсету және «Миллионға идея» инновациялық жобалар презентациясы болды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер ұлттық азық-түлік өнімдерін өндіру, қаржы сауаттылығын арттыруға арналған үстел ойындары, фитоқабырға, қоқысты бөлек жинау жүйесі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге арналған веб-сайт және салауатты тамақтану буфеті сияқты жобалармен келді.

Олимпиаданың басты және күрделі міндеті «Миллионға идея» инновациялық жобаларын қорғау болып табылады. Біздің команда «Генераторлар» жалпы құрылыс факультетінің 1 және 2 курс студенттері: Асылбек Харун-Рашид, Тұрсынов Батыржан, Мухаметжанов Сержан, Социал Айшат, Сапарбек Мадина ЖБПФ ассоц. профессоры Д.К. Сыдыкова мен ЖБПФ проф.ассистенті Ж.А. Қалыбекованың жетекшілігімен «Жалпыға қол жетімді атмосфералық генератор –WILL» жобасын ұсынды. Ең үздік шешен номинациясына ие болған Асылбек Харун-Рашид пен спорт жарыстары кезінде рекордты бұзып, 220 отырып тұру жаттығуын жасаған Тұрсынов Батыржанды ерекше айтқым келеді.

Қатысушыларға жас кәсіпкердің немесе стартапер рөлінде болу, сонымен қатар құзыретті әділ қазылар алқасы алдында бизнес-жобаларын қорғау оңай болған жоқ. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді - БІЗ МҰНЫ ЖАСАДЫҚ!

Біздің команда 2-ші орынға ие болды. Келесі жылы гран-при мен миллион ұтып алуға мақсат қойдық.

 

 

 

ЖБПФ профессор ассистенті Ж.А. Калыбекова 

 

 

 

 

ҚазБСҚА спорткешенінде, 2019 жылдың 17-18 сәуірінде, футзалдан ХБК Президентінің Кубогі үшін жарыс -ААСИ- ҚазБСҚА-ның 40-жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.

  Жарысқа Алматы қаласы жоғары оқу орындарының 11 командасы қатысты. Бірінші орынды ҚазҰПУ, екінші орынды ҚазҰТУ, үшінші орынды ҚазБСҚА құрама командалары иеленді.

  Ойынның қортындысы бойынша үздік  ойыншылар марапатталды. ҚазҰПУ студенті Рахманов Ислам озық шабылушы, ҚазҰТУ студенті Мұрат Бекзат озық қақпашы, ҚазБСҚА студенті Қылыш Санжар озық жартылай қорғаушы.

 

 

 

«Физикалық регата» 

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жалпы білім беру пәндері факультеті 2019 жылдың 14 наурызында халықаралық π  күніне орай Алматы қаласы бойынша жоғары оқу орындары арасында «Физикалық регата» зияткерлік сайыс ұйымдастырды.

Іріктеу турында бәсекелестік ортада «Физикалық регата» жарысына әр түрлі жоғары оқу орындарынан 10 команда қатысты. Екінші турда байқау «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойын форматында жалғасын тапты. Финалда сайыс жағымды түрдегі шиеленіскен жағдайда жалғасты және командалар тең нәтижелер көрсете отырып, алға жылжыды және үміткер командалардың саны кеміген жоқ.

Алматы қаласы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің командасы арасындағы зияткерлік ойын қорытындысының нәтижесі мынадай болды:

ü   1 орын – әл-Фараби ат. ҚазҰУ,

ü  2 орын – АЭжБУ және ҚазБСҚА,

ü  3 орынҚазҚПУ, ККА және ҚазҰАУ.

Байқауға қатысушылар мен қонақтар позитивтік мықты заряд алды. Байқау жеңімпаздарын мен қонақтарын құттықтап қоймай, сонымен қатар ұйымдастырушыларға да алғыс білдірілді.

Жалпы жұмыс барысына жауапкершілікпен атсалысып ұйымдастырған, өз ұжымымен қуанышқа ортақтасқан ЖБПФ-нің оқытушылары ассоц. проф. З.Т.Аймагамбетова, проф. ассист.                      Р.Ю Кулимова, А.О. Нусипованы және жалпы құрылыс факультетінің 1 курс студенттерінің жігерлігін, шығармашылығын атап өтуге болады.

Жастармен ынтымақтасып жұмыс жасау - жоспарларды жүзеге асыруға ынталандырады.

Зияткерлік сайысқа қатысушылар осы дәстүрді ары қарай жалғастыруға және жыл сайын осындай ойындарды әр түрлі жоғары оқу орындарында өткізіп тұруға ұсыныс білдірді.

Байқау барысында команда арасында қарсыластық болғанымен, жарыс студенттердің бірігуімен, тұтасуымен аяқталды. Соңында «Сағындым Алматымды» студенттердің әуені шырқалды.

 

 

«Дара жол»

2019 жылдың 1 сәуірінде ҚазБСҚА студенттері «Қазақстан» телеарнасы  «Дара жол» жобасында «Ақтөбе қаласының сал ауруына ұшыраған азаматтарын қолдау орталығының» басшысы Құралай Байменовамен болған кездесуге қатысты. Бұл өміртіршілігі  аз қамтылған мүгедектердің көптеген мәселелерін шешуге көмектесетін ұйымның қызметі ҚР және Ақтөбе облысында танылған. Қайратты кейіпкердің сөздері дамуға ынталандырды, себебі оның мысалдары өзінің әлеуетін қолдана отырып белсенді әрекеттер жасауға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға олардың әлеуетін жүзеге асыруға және дамытуға көмектесуге жігерлендірді. Соңғы кездері Республикамызда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қозғалу мүмкіндігі мақсатында олардың тек ғана білім беру және емделу мекемелеріне барумен шектелмей, сонымен қатар мәдени-бұқаралық шаралар өтетін орындар мен кинотеатрға баруға мүмкіндік жасау мақсатында толыққанды жағдай жасау үшін оларға арналған ғимараттарды жоспарлау қолға алына бастады.

 

ЖБПФ-нің проф. ассист. Р.Ю. Кулимова осындай мәселерді шешуде студенттерді кедергісіз орта үшін жағдай жасауды есепке ала отырып ғимараттарды жобалауды оқыту арқылы ҚазБСҚА-ның елеулі үлес қосатынын атап өтті. ҚазБСҚА –инклюзивті білім беруді дамытуды  оқу үдерісіне енгізген жоғары оқу орындарының бірі. Біздің магистранттар мен түлектеріміз осы тақырыпта өздерінің бітіру жұмыстары туралы және тәжірибелерімен бөлісті.

«ЛОГОС» философиялық клубының ашылуы

 

28.03.2019 жылы колледж бен бакалавриаттың барлық студенттері үшін «ЛОГОС» философиялық клубының ашылуы болды.

Клубтың мақсаты - таным мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Клубтың негізгі бағыттары мен міндеттері - ойлау қабілетін, шешендік өнерді және пікірталас техникасын дамыту, жаңа, беймәлім, терең ойды танып білу. Бұл өз кезегінде біздің студенттерге табиғаттың, қоғамның және адамның негізгі дүниетанымдық проблемалары туралы түсініктерін қалыптастыруға, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға, өз көзқарастарын дәлелдеуге, пікірталастың әртүрлі техникасын зерттеуге және оларды қолдануда практикалық тәжірибе жинауға, тиімді өзін-өзі басқаруды және өзін-өзі көрсету дағдыларын дамытуға көмектеседі.

 

Клубтың визит карточкасы - кәсіпқойлық, талпыныс, көтерілген мәселелердің өзектілігі, қолжетімділігі, тақырыптардың түпнұсқалығы және баяндау әдісі.

Клубтың миссиясы: гуманитарлық және техникалық білімдер арасында көпір салу.

Клуб бағдарламасының өзектілігі философияның заманауи білімдерінің мағынасын терең түсінуге, әлеуметтік-гуманитарлық білім деңгейін көтеруге және жас ұрпақтың әлеуметтік тәрбиесін жетілдіруге бағытталған философиялық мәселелер бойынша ойлау дағдыларын меңгеру болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік-құқықтық өмірге шығармашылық белсенді қатысуға қабілетті, философиялық көзқарастың үздік дәстүрлеріне лайық, саяси және құқықтық мәдениет пен әлеуметтік сауаттылықты меңгерген білікті мамандар талап етіледі.

                «ЛОГОС» клубында қызықты тақырыптар талқыланады: «Өмір туралы философия: шындық, этика және жан»; «Логикалық ойжұмбақтар: шешуге және тәжірибеге деген көзқарас»; «Философиялық көзқарастар және сәулеттік қиялдар: болашақтың бейнесі»; «Рухтың мәдениеті - философия»; «Сен түнді жасадың, мен шамды жандырдым, саз жасадың - мен кесе жасадым»; «Түйсік феномені, сенім феномені, білім феномені, даналық феномені және оны бейнелеу» және т.б.

Философиялық клубтың есігі әрқашан ашық. Қош келдіңіздер!

 

 

 

ҚазБСҚА студенттер арасындағы спорт түрлерінен кубогтік жарыстар

1-6 наурыз 2019ж.

Волейбол

 1-орын   ЖҚФ құрамасы

 2- место  ҚТИМФ 1 курс 

 3- место  ЖҚФ 1 курс

 

 

Баскетбол

1-     орын  Арх 1-5 курс құрамасы

2-       2- орын  ПСМИК 18-2

   3-       3- орын  ҚТИМФ 2-курс

 

 

Шахмат

1-орын  Булкайр Нуралы  ЭМС-16-1

2-орын  Болатов  Ербол     ФОС-18-2 

3-орын  Таханов  Даут       Арх-17-8

 

 

                                                       Тоғызқұмалақ

1-орын  Болатов  Ербол       ФОС-18-2

2-орын  Сушин  Нуржан      ПСМИК-18-4 

3-орын  Дощанов Нургиса   Арх-16-3

 

 

Дойбы

1-орын  Такилова Аиша              КДиз-18-4

2-орын  Жүсіпбек  Нұрлыбек    СТР-18-2 

3-орын  Мырзаханова Назым     СТР-18-2

 

 

 

Стол теннисіЮноши

Ұлдар

1-орын Чеботарев Никита Арх18-7

2-орын Әмзе Дархан ТДО-18-2

3-орын Талапов Аян КАрх-18-8

Қыздар

1-орын Оразбек Шарапат ТДО-18-1

2-орын Нұғыман Нұргүл ФСТИМ-18-1 

3-орын Аманжолова Асем КСЭЗС-18-2

 

     

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес ЖБПФ және ҚазБСҚА жанындағы колледждің профессор-оқытушылар құрамы ЖБПФ ассоц. профессоры Қ.Қ. Сулейменова, проф.ассистенттері Ж.Р. МангазинаМ.К. Молдабаевалар Стр 18-3* және Стр 18-5* тобының студенттерімен бірге 01.03.19ж. Алғыс айту күні АРДИ-де (Алматы қаласы ата-аналар және мүгедек балалар қауымдастығы) Мейірімділік акциясын өткізді. Бұл іс-шара жастар арасында ізгілік пен мейірімділікті тәрбиелеуге бағытталған.

 

 

Футзалдан ҚазБСҚА кубогі

ҚазБСҚА спорткешені ғимаратында 2019 жылдың 27-28 ақпанында, 1-5 курс студенттері мен ҚазБСҚА жанындағы колледж оқушылары арасында, жастарды қолдау жылы аясында, кубогтік жарыстың алғашқысы болып, құрамында 112 қатысушысы бар,11 команда қатысқан футзал турнирі өтті. Тартысты жағдайда өткен кездесуде, турнирге қатысушылар арасында жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Олар төмендегідей орындарды еншіледі:

1 место – ҚТИМФ 1 курс

2 место –  ҚТИМФ 3 курс

3 место -  ҚазБСҚА жанындағы колледж 2 курс.

 

 

 

 

 

 

 

05.12.18ж. ЖББПФ-НІҢ ПОҚ-Ы ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ЖӘНЕ Қ.РЫСҚҰЛБЕКОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА ОРАЙ  ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЖӘНЕ  ӨТКІЗДІ.

 

Барлығы – 123 студент қатысты.

Жарысқа келесі командалар қатысты:

1.     Д.А.Қонаев атындағы ЕЗА;

2.     О.Сүлейменов атындағы ҚазҰАУ;

3.     Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;

4.     М.Тынышпаев атындағы ҚазККА;

5.     ҚазБСҚА (ЖҚФ);

6.     ҚазБСҚА (ҚТИМФ);

7.     ҚазБСҚА (Колледж 1);

8.     ҚазБСҚА (Колледж 2).

 

Өткізілген жарыс нәтижесі бойынша жалпы команда есебі:

 

1 орын - ҚазБСҚА (ЖҚФ)

2 орын -  О.Сүлейменов атындағы ҚазҰАУ;

3 орын - ҚазБСҚА (ҚТИМФ)

 

Тоғызқұмалақ нәтижесі бойынша:

1 орын – ҚазҰТЗУ - Қуанышбаев Ерасыл

2 орын -  АМУ – Тұрлығұл Амирхан

3 орын – Құрылыс Мақсат

ҚР БАҚ, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің қатысушылары шақырылды.

 

 

 

 

Описание: C:UsersUserDownloadsIMG_3787-06-12-18-13-56.JPG

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты

патриоттық ән-би кеші

 

    29.11.2018ж. «Асыл сөз» клубының ұйымдастыруымен кезекті іс-шара - Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық ән-би кеші болып өтті. Іс-шараға Сәулет, Дизайн, Құрылыс және Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менджмент факультетінің 1,2-курс студенттері қатысып өнерлерін ортаға салды.

   Студенттер патриоттық әндерді орындап, қазақтың ұлттық билерін билеп, күй орындады.  Патриоттық бағыттағы әндер студенттердің рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттырары сөзсіз.

 

    Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат - барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген ортада өсіп, білім алып отырған  жастардың Отанға деген құрметін күшейтіп, өнерлі жастарды анықтап, сахна өнеріне баулу, жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

    

ҚазБСҚА-ның ОПҚ мен қызметкерлерінің спорттық мерекесі

14 ақпан. 2018 ж.

 

14 ақпан 2018 жылы, ҚазБСҚА спортклубында жалпы басшылықтың жетекшілігімен СІжәнеСС жөніндегі проректоры Ж.С.Такенова., ЖББФ деканы З.Т.Аймагамбетова ҚазБСҚА ОПҚ және қызметкерлері арасында, 28-Қысқы Олимпиаданы насихаттау аясында, 18-ші дәстүрлі Спартакиада ұйымдастырылып өткізілді.

Жарыс спорттың 6-түрінен өткізілді: волейбол, үстел теннисі, эстафета, Дартс, шахмат, баскетбол.

ЖҚФ, ҚТжМФ, ЖББФ, ҚазБСҚА жанындағы колледж,  ҚазБСҚА жанындағы лицей, Кітапхана, ҚазБСҚА қызметкерлері жарысқа белсене қатысты.

Жарысқа қатысқан құрметті Х.И.Есенов., С.О.Оспанов., Ж.К.Мауленов, Г.К.Садвакасова., А.С.Еспенбет., М.Б.Валиулина.,  Г.Т.Касабековаларды атап өткен жөн.

 Жарыс  өткізуші төрешілер құрамында: ассоц. проф. Югай И.В., проф. ассист. Битуреева Э.Т., ассоц. проф. Дайрабаев С.Е., проф. ассист. Айманбетов Б.Ж., проф. ассист., Калиякбарова С.К., проф. ассист. Акылов Т.Ж.

 

Жарыс қорытындысы

1.Эстафеталық жарыстағы командалық жеңімпаздар:   

1-орын - ЖҚФ;                                                                                                                                          

2-орын - ҚазБСҚА жанындағы лицей;                                                                                   

3-орын - ХБК қызметкерлері.

  

2.Волейбол жарысындағы командалық жеңімпаздар:

1 орын - ЖҚФ;                                                                                                                                                      

2 орын - РЭО;                                                                                                                                                      

3 орын - ҚазБСҚА жанындағы лицей.

 

3.Үстел теннисінің жеңімпаздары: 

Ерлер:

1 орын – Еспенбет А. - СФ;                                                                                                                      

2 орын – Ахметкеримов Н. – ХБК қызметкері;                                       

3 орын – Брянцев А. - ЖҚФ                                          

                                                   

Әйелдер:

1 орын – Ахмедова Д. - ЖҚФ;

2 орын – Арлиева Ж. – ҚазБСҚА жанындағы лицей;

3 орын -  Шогелова Н. - ҚазБСҚА жанындағы колледж.

                                               

4.   Дартс:     

1 орын – Берекбаев Б. - ҚазБСҚА жанындағы лицей;

2 место – Альдибекова К. -  ҚазБСҚА жанындағы лицей;

3 орын – Брянцев А.А. – ЖҚФ.

 

5.   Баскетбол:

1 орын – ЖҚФ;

2 орын – ЖББФ;

3 орын – ҚТжМФ.

 

6.   Шахмат:   

1 орын – Оспанов С.О. –– ЖҚФ ;

2 орынМауленов Ж.К. –  ЖҚФ;

3 орын -  Садыров Р.К.  – ЖҚФ.

 

 

Спартакиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!!!

 

 


  

 

2017 жылдың 23 қазанында және 14 желтоқсанында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  студенттері мен ЖББПФ оқытушылары «Қазақстан» телеарнасы «Дара жол» телебағдарламасының көрермені болды. Бұл бағдарлама өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген елімізге және шетелдерге танымал тұлғалардың өміріне арналған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  студенттері мен ЖББПФ оқытушылары ауыл шаруашылығы ісінің үздігі, агроном, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмахамбет Айтуғанов және жазушы, драматург, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков қатысқан бағдарламаларға куә болды.

 

 

 

 

 

 

 Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыру ҚазБСҚА ұжымы үшін салт-дәстүрге айналған. 31 наурызда өткен мерекелік жиынға оқу ордасының барлық факультеті профессор оқытушылары мен қызметкерлері  және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Көктемнің осы бір шуақты күні жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті ұжымы ынтымақ пен татулықты ту етіп, Қазақстан Республикасында тұратын 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің наурызды қарсы алу дәстүрінен үзінділер көрсетті.