ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

25

қыр

25-09-2017

UIA-2017

2017 жылдың 3-7 қыркүйек аралығында Сеул қаласында (Оңтүстік Корей) «UIA-2017 Seoul World Architects Congress» аталуымен XXVI Халықаралық сәулет Одағының Дүниежүзілік сәулетшілер когресі өтті. Когреске Қазақстан сәулетшілер одағының делегациясынын ішінде ҚазБСҚА Сәулет Факультеті (СФ) сәулетші-профессорлары Исходжанова Г. Р.(СФ деканы), Абдрасилова Г.С., Козбагарова Н.Ж., Туякаева А.К. қатысты.

толық >>

25

қыр

Биылғы жылы Дизайн мамандығы 25 жыл мерей тойын атап өтуде, естерінізде болса бұл мамандық Қазақстанда, алгашқы рет КазГАСАда 1992 жылы ашылган болатын.

толық >>
Негізгі бет → Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептердің VII Халықаралық фестивалі

Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептердің VII Халықаралық фестивалі

 

   

2017 жылдың 25-26 қазан күндерінде СамГТУ Архитектура-құрылыс институтында  (Самара, Ресей) өтетін Еуразияның архитектура-құрылыс және дизайн мектептерінің VII-ші Халықаралық Фестиваліне 2016-2017 оқу жылының архитектура-құрылыс және дизайн  бағыттарының түлектерін шақырамыз.

Дипломдық жобалардың  халықаралық байқауына қатысу өзіңізді көрсетуге, болашақ кәсіби қызметке  жол ашуға нақты мүмкіндік береді. Бұл іс-шара бір алаңға саланың көшбасшыларын жинайды, үздік студенттік жобаларды атап өтеді,  халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кәсіби ойлармен алмасуға жағдай жасайды, жасампаз жастарға қолдау көрсетеді.

ҚазБСҚА – Еуразияның архитектура-құрылыс және дизайн мектептерінің VII-ші Халықаралық Фестивалі секілді ірі ауқымды іс-шараны шетелде өткізу бойынша ұйымдастырушы ретінде жұмыс жасайтын алғаш қазақстандық ЖОО. Оны ұйымдастыру идеясын 2009 жылы осы бастаманың негізін қалаушысы Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы ұсынды. Фестивальді ұйымдастыруға атсалысқан ұйымдар: ТЮРКСОЙ  (Анкара,  Түркия),  Түркітілдес Елдердің Архитекторларының Одағы (Анкара, Түркия), Ромуальдо  Дель  Бианко Фонды (Флоренция, Италия),  Малтепе Университеті (Ыстамбұл, Түркия), Йылдыз Техникалық Университеті  (Ыстамбұл,  Түркия),  Қырғыз  мемлекеттік құрылыс, көлік және архитектура  университеті (Бішкек, Қырғызстан), Солтүстік Кипрдың Таяу Шығыс Университеті (Лефкоша, Солтүстік Кипр).

Халықаралық Фестиваль – студенттер мен магистранттардың дипломдық жұмыстарының тек қана беделді әрі сыйлы байқауы ғана емес. Сондай-ақ, бұл жылдан жылға кәсіпкерлердің жаңа буындарын тәрбиелеуге өз еңбегінің бір бөлігін арнайтын пікірлестердің жылы кездесуі мен әріптестігі.  Бұл ақпараттың дәлелі - өткен фестивальға қатысқан Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан,  Тәжікстан,  Әзірбайжан, Татарстан Республикасы,  Өзбекстан, Молдова, Литва,  Италия, Венгрия, Түркия, Бұлғария, Чехия,  Оңтүстік Кореяның 56 жоғарғы оқу орындарының 100 өкілі болып келеді. Өткен жылдардың әр фестиваліне 260-тан аса студенттік дипломдық жоба ұсынылды. 

Делегаттардың арасында ректорлар,проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, сондай-ақ дипломдық жоба авторлары студент-түлектер болды. Жылдан жылға дипломдық жобалар байқауының ауқымдығы ұлғайып, ұсынылған жобалардың географиясы кеңейіп, қатысушылар саны өсуде. Фестивальдің тарихы 2009 жылы  Малтепе университетінде, Ыстамбұл (Түркия) басталады. Ол жерде  Еуразияның архитектура-құрылыс және дизайн мектептерінің I халықаралық Фестивалі өтті. II Фестиваль 2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас архитектура-құрылыс академиясы негізінде өтті.   III Фестиваль 2013 жылдың 29-30 қараша айында Ыстамбұл қаласындағы Иылдыз  Техникалық  Университетінде (Түркия). 2014 жылдың 3-5 қыркүйек айында  IV Фестиваліне барлығын Бішкек қаласындағы Қырғыз мемлекеттік  құрылыс, көлік және архитектура университеті жинады (Қырғызстан). V  Фестиваль 2015 жылдың 9-11 желтоқсан айында Ромуальдо  Дель  Бианко  Фонды (Флоренция, Италия) негізінде өтті. 2016 жылдың 7 және 10 қыркүйек аралығында Солтүстік Кипрдің Таяу Шығыс Университетінде (Лефкоша қ., Солтүстік Кипр) Еуразияның архитектура-құрылыс және дизайн мектептерінің VI халықаралық Фестивалі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы айдарында өтті.

Бүгін VII Халықаралық Фестиваль өз қатысушыларын, қонақтарын және  дипломдық жұмыстардың халықаралық байқауының жеңімпаздарын Самара қаласында күтуде!  

Жыл сайын Еуразияның архитектура-құрылыс және дизайн мектептерінің VI халықаралық Фестивалі нығайып, өсіп, жаңа достар тауып жатыр да, өз шекараларын кеңейтуде!