ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

17

қар

2018-жылы ақпан айының 24-де (сенбі күні) сағ.10-00-14-00 дейін, 559-ші дәрісханада (5-ші қабат) Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының «Сәулет» факультетінде орта мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушыларына арналған

толық >>

16

қар

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері, атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.

толық >>

ERASMUS+

ҚазБСҚА ERASMUS+ бағдарламасында

 

 

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

 

Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген Өмір бойы білім алу бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Жастар іс-қимылы, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді.

 

2016-2017 оқу жылының күзгі семестріне Sapienza Университетіне (Италия)  бакалавриат студенттері үшін академиялық ұтқырлық.

Факультет:  Дизайн (Өнеркәсіптік дизайн)

Курс: 2, 3

Конкурсқа қатысу шарттары:  студенттің академиялық үлгерімі жақсы болу керек, университеттің қоғамдық өміріне қатысу, ағылшын тілін  жоғары деңгейде білуі тиіс.

Артықшылықтары: ұшак, тұрғынжай, виза,  медициналық сақтандыру  ЕО Эразмус + грантынан қамтылады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1. Өтініш

2.  Факультет деканы берген мінездемесі (эдвайзердің қолымен)

3. Оқу барысында алған дипломдар, сертификаттар немесе грамоталар көшірмесі

Сәулет және Жалпы Құрылыс  Факультеттерінің студенттері итальян тілі білімі бар  болса конкурсқа қатысу үшін шақырылады (B1 деңгейі)

Құжаттар 5 сәуірдін 2016 ж. дейін қабылданады. 

 

Конкурсқа қатысушы үшін өтініш