ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

11

Мау

Хачинохе Технологиялық университетінің (Хачинохе қаласы, Жапония) ғалымдар делегациясын басқарған Президенті Акира Хасегаваның және Директорлар кеңесінің төрағасы Тошимичи Янагияның қатысуымен маусымның 18-де сағат 10.00-де Ғылыми кеңес залында кездесу және «Ірі қалалардағы геотехникалық құрылыс сұрақтары» атты семинар өткізілу жоспарланып отыр.

толық >>

11

Мау

ILF Consulting Engineer Recruiting 2018 жылдың түлектерін келесі лауазымдарға шақырады:

толық >>

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыс

 

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

- оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру, пән мазмұнын оңтайландыру, оқу-танымдық қызметті белсендіру;

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ОӘПК (ТОБ, ЖБ, ӘӘҚ, АҮМ, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі, білімді бақылауға арналған материалдар) толықтыру болып табылады.

 

Факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің қызметі және ПОҚ жүргізген жұмыстары:

- оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру;

- факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және талдап қорыту;

- оқу үдерісіне ақпараттық оқыту технологиясын енгізу және оқытудың замануи техникалық құралдарын қолдану;

- оқу құралдары, оқулықтар мен электронды оқулықтарды талқылау және баспаға ұсыну.

Факультетте келесі секциялар жұмыс істейді: қазақ, ағылшын және орыс тілдері, әлеуметтік ғылымдар, физика, математика, информатика және дене шынықтыру.

Факультет ПОҚ факультет пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенді жүйелендіру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Күн сайын факультеттің ПОҚ факультет пәндері бойынша толық оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтуды жүзеге асырып, әдістемелік әдебиетпен қамту карталарын, тест тапсырмаларының банкі, емтихан сұрақтарын құрастырады, рейтингке материалдар, активті үлестірмелі материалдар, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.

Айына бір рет ПОҚ білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін көтеретін қазіргі білім беру технологиялары мен оқыту әдістері талқыланатын әдістемелік семинар өткізеді. Әдістемелік семинарда оқытушылар тәжірибелерімен бөліседі. Семинарлардың өзекті тақырыптары және сипатталған оқыту технологиялары басылымға және оқу үдерісінде қолдануға ұсынылады. 

Бекітілген кесте бойынша әр семестрде факультет пәндері бойынша оқу сабақтарының бейнепрезентациялары өткізіледі. Ашық сабақтардың бейнепрезентациялары талданады және талқыланады.  

ЖББПФ ПОҚ педагогикалық шеберлік орталығы базасында («Өрлеу», Тұран-Профи) және оның филиалдарында, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарында жаңа біліктілікті көтеру бағдарламалары бойынша курстарға қатысады.

Тәжірибелі оқытушылар жас оқытушылардың тәлімгерлері болып табылады және олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ факультеттің сапалы кадрлар құрамын қалыптастыруда және дәріс, семинар және практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарына қатысады.

Факультет оқытушыларының мамандарды дайындауда әдістемелік әдебиетпен қамту мақсатында жыл сайын оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар, сондай-ақ оқу үдерісін оңтайландыруда баға жетпес көмек көрсететін практикалық (зертханалық) сабақтарды, СӨЖ, ОСӨЖ орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар шығарады.

Академия Президенті А.А.Құсайновтың жетекшілігімен «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» дайындалды. Оны оқу үдерісіне енгізу мақсатында «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» бірнеше рет талқыланды және жетілдірілді. Сәулет-құрылыс терминдерінің 4-томдық қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі түсіндірме сөздігін дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Тілдік пәндердің оқытушылары А.А.Құсайыновтың жетекшілігімен 3 тіл бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) сабақта қолданылып жүрген лингвокешен дайындады. 

Факультеттің әдістемелік кеңесі қызметінің мәселелері факультеттің Әдістемелік Кеңесі мәжілісінде қарастырылады, талқыланады және бекітіледі.

 

2017-2018 оқу жылының 2-ші семестрінде ЖББПФ базасында қазақ, орыс, ағылшын тілдері, физика және математика бағыттары бойынша әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып өткізілді. Әдістемелік семинарлардың тақырыптары:

 

Тақырып

Модератор 

25 қаңтар 2018 жыл

№1 отырыс, 434 ауд.

1.              

Ситуативность как один из главных принципов обучения говорению на иностранном языке.

Мангазина Ж.Р.

2.              

Технология использования информационно-коммуникационных средств обучения английскому языку как способ повышения эффективности учебного процесса.

Молдабаева М.К.

3.              

Формирование профессиональной межкультурно-коммуникативной компетенции на основе использования деловых игр в неязыковых вузах.

Абильчанова Ж.К.

4.              

Methods of foreign language teaching as a science: Teaching Vocabulary of the English language.

Нагиятова Л.Б.

5.              

Роль аудирования в развитии коммуникативного общения на уроках «Английского языка».

Нургалиева А.Ж.

6.              

Использование видеофильмов на занятиях по иностранному языку. 

Акшалова Б.Н.

7.              

Методология когнитивно-лингвокультурологической теории иноязычного образования в профессиональной подготовке переводчиков.

Карыбаева А.С.

15 ақпан 2018 жыл

№2 отырыс, 434, 345 ауд.

8.              

Дуалды оқыту жүйесінің  ерекшелігі.

Тәшімбай С.Қ.

9.              

Қазақ тілі сабағында ойын әдістерін қолдану.

Жакупова А.О.

10.           

Интерактивтік тапсырмаларды құру үшін LearningApps-ты қолдану.

Жампейсова Ж.М.

11.           

Основы программирования в MatLab.

Курманкожаева А.А.

12.           

Графикалық  бағдарламаларды  творчествалық жұмыстарда қолдану.

Кобенкулова Ж.Т.

13.           

3D Max бағдарламасын сәулет мамандықтарында қолдану.

Сабитова А.С.

14.           

Размеры. Размерные стили. Аннотационные размеры.

Рысбаева А.К.

29 наурыз 2018 жыл

№3 отырыс, 434, 340 ауд.

15.           

Усвоение семантики активной русской лексики в нац. аудитории.

Нурмахова Ж.К.

16.           

Потенциал самостоятельной работы при обучении русскому языку студентов высших учебных заведений.

Садыканова С.Х.

 

17.           

Дидактические особенности (билингвизм) обучения русского языка в группах с нерусским языком обучения.

Гакрама К.М.

 

18.           

Новые подходы в языковом образовании.

Абилова Б.А.

 

19.           

Применение интернет ресурсов на занятиях математики с учетом специальностей.

Калыбекова Ж.А.

20.           

Применение современных информационных технологий на уроке математики.

Сеитова А.А.

21.           

Применение подхода и «Студента центрированного образования» (СЦО) в преподавании физики.

Аймагамбетова З.Т.

 

 

 Описание: IMG-20180410-WA0021.jpgОписание: IMG-20180410-WA0017.jpgОписание: IMG-20180410-WA0018.jpg