ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Дизайн факультеті → Оқу бағдарламалары

ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Оқыту 5В042100 – Дизайн мамандығы бойынша жүргізіледі.

Маманданымдар:

5В042101 – Сәулет дизайны;

5В042102 – Графикалық дизайн;

5В042103 – Өндірістік дизайн;

5В042104 – Костюм дизайны;

5В042105 – Теледидар және қойылым дизайны.

5В042101 – Сәулет дизайны: қалалық, ауылдық, саябақтық ансамбльдер, кіші сәулет түрлері, көріктендіру элементтері мен көгалдандыру, визуалдық коммуникациялар, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы жабдық және жиһаз, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістіктері, қоғамдық пайдалануға арналған жерасты үймереттері, интерьердегі жасау, жабдық пен жиһаз, көрмелік және сауда-саттық экспозияциялар, экстерьердегі және интерьердегі монументалды – сәндік элементтері мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, интерьердегі визуалдық коммуникациялар;

5В042102 – Графикалық дизайн: графикалық символдар, сауда белгілері, фирмалық стильдер, визуалдық коммуникациялар жүйелері, иллюстрациялар, кітаптарды безендіру, орама, жарнама, әлеуметтік жарнама, электрондық және баспасөз ақпараттық құралдар жарнамасы, сыртқы жарнама, транзиттік жарнама, иллюстрациялар;

5В042103 – Өндірістік дизайн: жаппай өндіруге арналған заттар, бұйымдар және олардың кешендері, аз сериялы заттар мен бұйымдар, көлік құралдары, жабдық, жиһаз;

5В042104 – Костюм дизайны: көпшілікке арналған киім сұрыптамасы, ұсақ сериялы және дара тігін өнімдері, костюм ансамблін, үлгілер топтамасын және костюм аксессуарларын жобалау;

5В042105 – Теледидар және қойылым дизайны: теледидар арнасын көркемдік сәндеу, теледидар бағдарламаларының, қысқа жарнама фильмдердің, видеоарт туындыларының қойылма жобалары, күрделілігі әртүрлі деңгейлі ойын кинокартиналарының қойылма жобалары.

 

5В042100 – Дизайн мамандығының түлектері келесі кәсіби бағыттарда жұмыс істей алады:

• сәулет дизайны (сәулеттік ортаның дизайны, интерьер дизайны, ландшафтық дизайн және монументалды – сәндік өнер);

• графикалық дизайн (жарнама дизайны, полиграфиялық дизайн, графикалық тіл және визуалдық мәдениет, сәндеу өнері және фотографика);

• өндірістік дизайн (жиһаз дизайны, техникалық дизайн және сәндік-қолданбалы өнер);

• костюм дизайны (үлгілер топтамаларының түрлерін, оның ішінде күнделікті, сәнді, көрмелік және арнайы киім үлгілерін жобалау және модельдеу, сәнді болжамдау);

• теледидар және қойылым дизайны (теледидар арнасының дизайны, теледидар бағдарламаларының, қысқа жарнама фильмдердің, видеоарт туындыларының қойылма жобалары, күрделілігі әртүрлі деңгейлі ойын кинокартиналарының қойылма жобалары.

 

5В042100-Дизайн (профилі бойынша) мамандық бакалаврының кілтті құзыреттеріне қойылатын талаптар:

• қоғамдағы ролі және өндірістік әрі әлеуметтік ортаға жаңа компьютерлік технологияларын енгізу, телекоммуникациялар саласындағы техникалық жетістіктер, жеке және көпшілік санасына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерінің күшеюі нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын дизайн әрекетінің шекаралары туралы түсінігі болу керек;

• жоба алды материалды жинау және рәсімдеу, өзінің жағдайын тұрақтандыру әдістерін; жобалау үдерісі кезінде әрекеттерінің реті мен сипатын (іздеу – талдау – шешім қабылдау); жоба материалын рәсімдеуге қойылатын талаптарды білу керек;

• анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, тірек сұлбаларын жасау, жобалау үдерісінің тізбегін анықтау, үлгілік материалдарды орындау, дайын жоба идеясын демонстрациялық материалдармен кескіндеу, талаптарға сәйкес жоба материалдарын рәсімдеу (сонымен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді қолданып) және өз жұмысын презентацияда, қорғау кезінде ұсына алу керек;

• нысанды заттай зерттеу және жағдайды талдау; жұмыстарды жобалау тапсырмасын және бағдарламасын өздігінен құру, шығармашылық концепциясын қалыптастыру және оны алдын-ала үлгілерде кескіндеу; жобаның жалпы экспозициясы бойынша композициялық шешім қабылдау; түсті-графикалық шешім және макеттер мен үлгілер дайындау дағдылары болу керек;        

• сәулет, өнер және дизайн саласындағы қазіргі заманғы үдерістер, халықтар мәдениетінің тарихы, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білікті болу керек. Қоғам қажеттіліктерінің үнемі өзгеріп отыру үдерісіне бейімделу.