ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Негізгі бет → Дизайн факультеті → Факультет өмірі

ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ӨМІРІ

Студенттер мен оқытушылар тек қана оқумен айналысқан болса, оқу үдерісі қызық болмас еді. Факультетте оқудан тыс әртүрлі әрекеттерді қамтамасыз ететін түрлі шаралар кешені қарастырылған. Оқу жылы бойы конкурстар, митингтер, кездесулер, байқаулар, жәрмеңкелер, балдар, серуендер және басқа көптеген шаралар өтеді, оқу аяқталған соң түлектер бұл шараларды үлкен ризашылықпен еске алып отырады.

Қыркүйек дәстүрлі түрде «Білім күніне» арналған митингпен басталады, бұл жаңа оқу жылының басталуын білдіреді. Академия басшылығының құттықтау сөздерінен кейін «Жыл студенті», «Үздік студенттік топ», «Жатақханадағы үздік студенттік бөлме» және «Үздік студенттік декан» номинациялары бойынша конкурс жеңімпаздары марапатталады. Содан кейін оқу жылы және факультеттің өзінің ішкі өмірі басталады. Бұл жерде «Қала күні» қалалық мереке бар, одан кейін студенттер қатарына бірінші курс студенттерін қабылдау өткізіледі. Жоғарғы курс студенттерінің күшімен шоу-бастамалау ұйымдастырылады, оның мәні - түлектерден оқуды енді бастап келе жатқандарға эстафетаны тапсыру. Мұндай шоу «Медео» шатқалында, бөгеттің артында орналасқан әдемі шұңғырдың ішінде өткізіледі. Осында әрі «Күз балы», әрі «Түлектер жәрмеңкесі». Әр күз сайын факультеттер арасында КВН өткізіледі (қазақ және орыс тілдерінде), жеңімпаздар қалалық конкурсқа қатысады.

Жаңа Жыл әсіресе көрнекті және әртүрлі аталып өтеді, оқытушылармен біріге отырып, кабинеттер, аудиториялар және басқа бөлмелер сәндендіріледі. Профессорлық-оқытушылар құрамы үшін өте қызу қысқы сессия кезеңі академия басшылығының ұйымдастырылуымен академияның «Сәулет» мейрамханасында өткізілетін салтанатты кешімен аяқталады. Сессия аяқталған соң студенттер келесі жылдың қаңтар айына дейін қысқы демалысқа тарайды.

Екінші семестрдің қысқы-көктемгі кезеңінде студенттер үшін «Ғашықтар күні», сұлулық конкурсы «Queen of Academy», «Жігіт сұлтаны» сияқты мерекелерге толы. «ҚазБСҚА көктемі» студенттік байқау-конкурсы өтеді, одан кейін «Наурыз» тойланады. Бұл кезде көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта СҒЗЖ (оқытушылармен бірге студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы) ғылыми конференциясына дайындықпен шұғылданады. Өнер мен дизайнның көкейкесті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі, олардың қорытындылары республикалық конкурсқа қатысуға ұсынылады. Үздік жұмыстар үшін дипломдар мен сертификаттар тапсырылады, және де студенттердің әрі қарай оқуына, мысалы магистратурада, әсер етеді. Сонымен қатар, ҚазБСҚА жинағы үшін мақалалар жазылып, видеопрезентациялары бар баяндамалар жасалады.

Студенттер спортпен үлкен ықыласпен айналысады және мини-футбол бойынша ҚазБСҚА Президенті жүлдесі үшін жарыстарға қатысады, «Салауатты өмір салты үшін» спартакиадасына қатысады. Осындай қозғалыстар бүгінгі таңда өзекті болып табылады, сондықтан оны қолдау мақсатында және уақыт талаптарына қарай академия аумағында шылым шегуге және есірткі ішімдіктер ішуге тыйым салынған.

Көктем – қорықтарға және демалыс орындарына серуендерге және экскурсияларға шығатын кез. Әлемдік деңгейдегі «Шарын» шатқалына және басқа жерлерге экскурсиялар жиі болып тұрады.

Жыл соңында дипломдық жобаларды қорғау және академия түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде марапаттау болады.