ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ БЛОГЫ

Кенесарина Жанар Султановна, Халықаралық білім беру корпарациясының Дизайн факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент.

Кенесарина Жанар Султановна 14.08.1965 жылы Көкшетау облысы, Кызыл-сая ауылында туған.

1988 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық Педагогикалық институтын бітірген. Жұмыс оырндары: Көкшетау Педагогикалық институтының «Сурет» кафедрасында оқытушы болды (1988-1993); Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған (1993-1996); 1996 жылдан бастап Қазақ бас сәулеттік-құрылыс академиясының, қазіргі Халықаралық білім корпарацциясының Дизайн факультетінде жұмыс атқарады. 2002 жылдан 2005 жыл аралығында «Графикалық дизайн» кафедрасының меңгерушісі, академиялық профессор, 2006-2007 оқу жылдарында ҚазБСҚА Дизайн факультетінің деканы болды.

1999 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап, 2001 жылы ҚР ЖАК доценті ғылыми атағын алды, 2005 жылдан бастап Қазақстандық Дизайнерлер Одағының мүшесі.

 

Ж.С. Кенесаринамен 70 астам ғылыми және әдістемелік еңбектер, оқу-әдістемелік оқулықтар жарияланған, «Дизайн» мамандығының бакалавриат және магистратура екі бағыты бойынша мемлекеттік білім стандартының, типтік бағдарламаларының, оқу жұмыс жоспарлары авторларының бірі болып табылады. «Графикалық дизайн» мамандандырылуының пәндерін және суреттеу өнерінің пәндерін жүргізеді. Сыршырай заңдылықтарын кезеңдеп меңгеру әдістемесі бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері оқу үрдісіне енгізілген. Оның жетекшілігімен студенттер мен магистранттар бірнеше рет халықаралық, республикалық, қалалық байқауларда, көрмелерде жүлделі орындарға ие болды. Бакалавриат бітірушілерінің дипломдық жобаларына және магистранттардың диссертацияларына жетекшілік етеді. 

 

Құрметті сайт қонақтары!

Қазіргі таңда кәсіби дизайнерлік білім техникалық, гуманитарлық және көркемдік мамандықтармен салыстырғанда маңызды орынға ие.

Дизайн кең тараған тәжірибелік кәсіби мамандық болды.

Бүгінгі күні дизайн өмірдің, өндірістік мәдениет деңгейінің және техникалық прогрестің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады.

Біздің факультетте жобалық жұмыс көмегімен студенттерге білім беруде тәжірибелік бағыттылықты қолдана отырып, нақты кәсіби дизайнерлік тапсырмаларды шешеміз.

Факультет 5 мамандырылу бағыты бойынша жұмыс жасайды: «Сәулеттік дизайн», «Графикалық дизайн», «Өндірістік дизайн», «Сән дизайны», «Теле-видео дизайны».

Біздер барлық өзінің дарынын жүзеге асыруға және қоршаған әлемді жақсартуға ұмтылған азаматтарды қауна қарсы аламыз.

 

 

 

 

 

Құрметпен, Ж. С. Кенесарина.