ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

шілде

26

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → ҚАЗБСҚА ЖАНЫНДАҒЫ СӘУЛЕТ-ЖОБАЛЫҚ БЮРО АТҚАРАДЫ:

ҚАЗБСҚА ЖАНЫНДАҒЫ СӘУЛЕТ-ЖОБАЛЫҚ БЮРО АТҚАРАДЫ:

 - Сәулет концепцияларын әзірлеу;

- Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды эскиздік және жұмыс жобалау.

 

Сәулет-жобалық бюро құрамы:

•Топ басшысы – Исабаев Г.А. , РФ арх. канд., профессор, Қазақстан дизайнерлер Одағының басқару мүшесі. Жобалық-құрылыс компаниясының 1996 - 2012 жж. аралығында алғашқы басшысы болды.

•Жобалардың бас архитекторы – Байтенов Э.М., арх.докт. профессор, Қазақстанның құрметті сәулетшісі

•Бас маман – Ордабаев А.Б., Ph.D., Қазақстан дизайнерлер Одағының Вице-президенті, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, ҚР сурет академиясының құрметті академигі.

•Аға сәулетші – Еспенбет А.С.,арх. канд., ассоц. проф., Қазақстанның құрметті сәулетшісі.

• Аға сәулетші – Койшанбаев Н., арх. канд., ассоц. проф.

• Сәулетші – Рысбеков С.

 

Сәулет-жобалық бюро жетекшісі Г.А. Исабаевтың түйендемесі

ҚазБСҚА профессоры, Қазақстан дизайнерлерінің Одағы басқармасының мүшесі. 1984 жылы АСҚИ сәулет факультетін бітірді, «Казгипроград», «Средазгипростройиндустрия» жобалық институттарында жұмыс істеді. 28 жыл бойы сәулет және құрылыс саласында жемісті қызмет етті. 1996 жылдан 2012 жылға дейін жобалық-құрылыс компаниясын басқарды. Көптеген тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың авторы. Новосибирск сәулет институтының сәулет кандидаты (1992 ж.). 

Сәулетшілердің Турин қаласындағы, Италия (2008 ж.) халықаралық форумының мүшесі, 2011 жылы Каталония озық сәулет институты (Барселона қ.) ұйымдастырған «Қала сезімі» халықаралық конкурсының мүшесі (авторлас Байтенов Э.М. бірге), онда Алматы облысының таулы ймағындағы көшпелі шаруашылықтың дәстүрлі формалары бар энергиясы автономды экоқаланың концепциясы ұсынылды, Сингапурдағы (2012ж.) «Бизнес-менеджмент және ақпараттық жүйелер» халықаралық конференция мүшесі, онда Алматы облысының Жамбыл ауылындағы энергия тиімді инновациялық Агрополис концепциясы шығарылды (InternationalJournalofConferenceProceedings жинағында).

30-дан астам басылған ғылыми жұмыстары мен мақалалары бар (оның ішінде Турция мен АҚШ халықаралық баспаларында), КСРО Сәулетшілер Одағының II дәрежелі дипломы, Құрылыс және ТКШ ҚР Агенттігінің, ҚР мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары бар. Ол дайындаға сәулет жобалардың, құрылыс нысандардың бірталайы және кәсіптік өмірбаяны «Алтын кітап» баспасының «Алматы қаласының сәулеті және құрылысы» кітабына (2007ж.) кірді. 2011 жылы ҚазҚСҒЗИ және ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің тапсырысы бойынша ҚР қала құрылысы жобаларының мазмұнына жаңа нормативтік талаптар әзірлеуге қатысты.

2012 жылы Исабаев Г.А. Қазақстан Республикасында алғашқы рет әзірленген ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және ҚазБСҚА-ның «Тұрғын үйлерді энергия тиімді жобалау және салу» бірлескен бағдарламасының аясында «Сәулет» мамандығы үшін «Сәулет жобалауда энергия тиімді технологиялар» оқу-әдістемелік кешенін әзірледі.

Автор орындаған негізгі жобалар (жобалық топтың жетекшісі және қатысушысы ретінде):

•1984ж.– Шымкент қалалық агломерациясын дамыту; 1987ж. – Алматы облысындағы құрылыс индустриясының ауылдары мен кәсіпорындарының басты жоспарлары; 1996ж. – Алматы облысының Таусугур ауылындағы агроөнеркәсіптік кешені; 1991-1998жж. – Алматы қала аймағындағы жеке үйлер мен коттедждер жобалары; 1997ж. – Астана қ. Кенесары көшесі бойындағы Халық банкі Орталық бөлімін қайта құру; 1998-2000жж. – Алматы қ. Радостовец және Алдар-көсе көшесі бойындағы алғашқы таунхаустар; 2001ж. – Астана қ. 9 мамыр көшесі бойындағы бизнес-орталық ғимараты және СІМ қонақ үйлері; 2003ж. – Алматы қ. Фурманов көшесі бойында ҚХР елшілігінің ғимаратын қайта құру; 2004-2005жж. – Алматы қаласындағы Иран және Үндістан елшіліктерінің ғимараттарын қайт құру; 2007ж. – «Старая добрая Алма-Ата» «люкс» классты ТК жобасы; 2008-2009жж. – Алматының төрт серіктес қаласының қала аймағының дизайны – G-4 (Т.Б.Сулейменовпен, А.Б. Ордабаевпен, Э.М. Байтеновпен); 2008ж. – Алматы қ. БҰҰ ғимаратын қайта құру жобасы; 2009ж. – Алматы қ. «Мирас» мектебінің тамақтану комбинатын және мектепке дейінгі оқу топтарының ғимараттарын кеңейту жобасы; 2009ж. – Алматы қ. батыс қала маңы аймағында технопаркі бар «Елімай» тұрғын үй кешенін жоспарлау жобасы (Э.М. Байтеновпен); 2010ж. – Қапшағай қаласында энергия тиімді жобалау технологиялары пайдаланылған жел генераторларын өндіру зауытының жобасы (Э.М. Байтеновпен); 2011ж. – Алматы қаласындағы энергия тиімді жобалау пайдаланылған спорт-сауықтыру кешенінің жобасы; 2011ж.– Алматы облысының Жамбыл ауылындағы инновациялық экоауыл жобасы; 2012 ж. – ШҚО «Акбаур» астроархеологиялық мұражайы (авторластар Байтенов Э.М., Ордабаев А.Б.); 2012ж.– «Мойнақ» этнотуристі қала(авторластар Байтенов Э.М. Ордабаев А.Б.).

Әзірленген жобалар: 

- «Самал» шағын ауданы, Алматы қ.. Жобаның бас сәулетшісі Ордабаев А.Б.

- Ғалымдар үйі, Алматы қ., Жобаның бас сәулетшісі Ордабаев А.Б.

- Аңырақай шайқасының естелігі. Сәулетшілер: Ордабаев А.Б., Сулейменов Т.Б.

- «Көшпенді» және «Мың бала…» фильмдеріне декорациялар. Дизайн Ордабаев А.Б.

- Қазақ халық қобызшысы Ықыластың Жамбыл облысындағы мазары. Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Еспенбет А.С., Сахариева  Г.Б.

- Байғар бидің және Ақтайлақ бидің мазары, Шығыс Қазақстан облысы. Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Еспенбет А.С.

- Алматы қ. Радостовец көшесі бойындағы таунхаустар, Утепов көшесінің оңтүстігінде. Сәулетшілер: Исабаев Г.А., Тойганбаев М.

- Алматы қ. ҚР Ұлттық банкінің машиналық серверлік залын қайта құру. Сәулетшілер: Исабаев Г.А., Тойганбаев М. 

- Астана қ. 9 мамыр көшесіндегі ҚР СІМ бизнес-орталығын қайта құру. Сәулетшілер: Исабаев Г.А., Крутов А.

- Алматы қ. Иран, Қытай, Румыния елшіліктерін қайта құру. Сәулетші: Исабаев Г.А.

 

Келіс және салу сатысындағы аяқталған жобалар

• «Боролдай қорғандары» мұражай жобасы. Сәулетші: Байтенов Э.М.

• Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақбауыр» астроархеологиялық парк-мұражайдың жобасы. Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Исабаев Г.А., Ордабаев А.Б. (Облыс әкімі Сапарбаев Б. М. жұмыс жобалауына бекітілген).

• «Мойнақ» этнотуристік қала–парктің жобасы. Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Исабаев Г.А., Ордабаев А.Б., Койшанбаев Н. (125 га).

• Алматы қ. технопаркі бар «Елімй» тұрғын үй кешенін салу жобасы. Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Исабаев Г.А.

• Алматы облысындағы Жамбыл ауылында энергия тиімді инновациялық ауыл жобасы. Сәулетші: Исабаев Г.А.

• Алматы облысы үшін 9 қабатты жнергия тиімді тұрғын үй жобасы. (Рекуперация, пәтерлік жылу есептегіштері, полистиролбетоннан оқшаулағыш қабырғалар). Сәулетші: Исабаев Г.А.

 

Энергия тиімділік және инновациялық-белсенді аумақтар бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар

• АҚШ ғылыми жинағында басылған Байтенов Э.М. және Исабаев Г.А профессорлардың мақаласы «Іле Алатауының инновациялық белсенді таулы аумақтардың экоурбанистік және этноландшафтты даму концепциясы».

• Сингапур қаласындағы конференцияда пәнаралық баяндамада (22-24 қараша 2012 ж.) көрсетілген және InternationalJournalofConferenceProceedings Халықаралық ғылыми жинақта басылған, Алматы облысының Жамбыл ауылында энергия тиімді инновациялық Агрополис концепциясы. Бірінші авторы -  сәулет канд., проф.  Исабаев Г.А.

• Барселона қаласында халықаралық байқауға қатысқан (Каталония Халықаралық озық сәулет институты ұйымдастырған), «Еуразияның көшпенді өркениеті» тақырыптық паркі ұйымдастырылған, Алматы облысындағы ЭТАС (эко, техно, агро сити) концепциясы.  Сәулетшілер: Байтенов Э.М., Исабаев Г.А.

Жобалар

Байланыстар