ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

БАҚ ҚазБСҚА туралы / Жарияланымдар

Жаңалықтар

17

қар

2018-жылы ақпан айының 24-де (сенбі күні) сағ.10-00-14-00 дейін, 559-ші дәрісханада (5-ші қабат) Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының «Сәулет» факультетінде орта мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушыларына арналған

толық >>

16

қар

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері, атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.

толық >>
Негізгі бет → ҚазБСҚА туралы → Қамқоршылар кеңесі

ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІ

    ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі (ҚК) 2000 жылы Қазақстан Республикасының мүдделері үшін ЖОО интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану және оған қажетті ұйымдастырушылық-материалдық көмек көрсету мақсатында құрылды.

    ҚазБСҚА ҚК құрметті төрағасы Қазақстанның құрылыс саласындағы көшбасшылардың бірі, т.ғ.д. А.А.Кулибаев, ҚК төрағасы Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғ.С.Садырбаев. Қамқоршылар кеңесі құрамына әйгілі түлектер – мемлекеттік мекемелердің, білім беруді басқару органдарының, кәсіпорындар мен инвестор ұйымдардың, шығармашылық және кәсіби одақтардың өкілдері, сондай-ақ студенттік жастар өкілдері кіреді. Қамқоршылар кеңесі ЖОО басшылығымен, оның бөлімшелерімен, оқытушылары мен студенттерімен жұмыс бойынша үнемі байланысу арқылы ҚазБСҚА өміріне белсенді араласады. ҚК мүшелері ҚазБСҚА перспективалық даму жоспарларын әрдайым талдап, оқу бағдарламаларын жетілдіру, білім беру үдерісіне қазіргі заманғы технологиялар енгізу, ЖОО оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базасын кеңейту жөнінде ұсынымдар енгізеді.

    ҚК қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – тұрмысы төмен жанұядан шыққан студенттерге, жетім балаларға, талантты жастарға, сонымен қатар шет елдерге (Египет, БАЭ, Қытай, Италия, Испания және т.б.) тәжірибеге кететін студенттерге қолдау көрсету. 2010-2011 оқу жылының өзінде ғана Қамқоршылар кеңесі ҚазБСҚА-ға 2 млн. 600 мың теңге мөлшерінде демеулік көмек ұйымдастырды, ол Сәулет Факультеті студенттерінің Пекиндегі шетел тәжірибесін ұйымдастыруға шығындалды. Сонымен қатар ҚК мүшелері ҚазБСҚА студенттік, ғылыми және басқа шараларына шамамен 1 млн. теңге сомасында қаржылық қолдау көрсетті; мультимедиялық аудиторияларды жабдықтады. ҚК құрметті төрағасы А.А.Кулибаев ҚазБСҚА кітапханасына 1,5 млн. теңгеден астам сомаға құрылыс мамандығы бойынша шамамен 2000 дана кітап тарту етті және т.б.

    ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесіне негізінен сәулет-құрылыс саласының көшбасшылары және кәсіби салада жетістіктерге жеткен және бәсекеге жарамды мамандар дайындауға өз үлесін қосуға дайын түлектеріміз кіреді. Олардың ішінде: республикалық органдар өкілдері, ірі қазақстандық компаниялардың жетекшілері («KAZGOR ЖА», «Алматыгипрогор ЖИ», «ҚазҚСҒЗИАҚ», «Имсталькон», «АРКАЗ Engineering», «SHM+architects»,  «ВЕК Корпорациясы», «Элитстрой Group», «Астана-Құрылыс», KNAUF және т.б.), кәсіби және шығармашылық одақтар (Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы, Сәулетшілер одағы, Дизайнерлер одағы, ҚР қала құрылысшылары Одағы).  ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі біздің оқу орынның барлық бағыттарын жетілдіруге белсенді қатысатын әрекетті орган болып табылады.

 

ҚазБСҚА Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері        

 

ҚазБСҚА Қамқоршылар Кеңесінің кезекті отырысы

           

6 сәуір 2017 жылы сағат 17:00 "Мирас" Салтанат Сарайында Қамқоршылар Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде:

1. Сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектептерінің VI Халықаралық фестивалінің жүргізу туралы есеп. Сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектептерінің VII Халықаралық фестивалге дайындық есебі.

2. Қамқоршылар Кеңесінің мүшелерінің құрамын жаңарту.

 

Фотогалерея: 12.04.2013 ж. Қамқоршылар Кеңесінің отырысы.

30.04.2014 ж. Қамқоршылар Кеңесінің отырысы.

04.04.2015 ж. Қамқоршылар Кеңесінің отырысы.

07.04.2016 ж. Қамқоршылар Кеңесінің отырысы.