ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

18

қыр

Алматы қаласының Жастар саясаты департаменті студенттерді Алматы күніне арналған іс-шараларға қатысуға шақырады:

толық >>

қыркүйек

24

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Алшақтан оқыту

Алшақтан оқыту

Халықаралық білім беру корпорациясына (ХБК) оқуға

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 111 қаулыларымен  бекітілген,   Жоғары білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде дайындалды.

 

1.       Жалпы ережелер

 

1. Халықаралық білім беру корпорациясына (бұдан әрі – ХБК) орта (жалпы, техникалық және кәсіптік), жоғары, ОПҚ-ын қайта дайындауды (біліктілікті көтеру) жүзеге асырады.

2. ҚазБСҚА-да білім беру күндізгі, сырттай, сырттай-қатыстырып оқыту түрлерінде жүргізіледі.

3. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

 

2.       Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі

 

4. ХБК -на жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) және жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.

5. ХБК -нда келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:

1.       5В042000 – Сәулет

2.       5В042100 – Дизайн

3.       5В050600 – Экономика

4.       5В050800 – Есеп және аудит

5.       5В071100 – Геодезия және картография

6.       5В050500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

7.       5В072900 – Құрылыс

8.       5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын мен құрастырылымдарын өндіру

9.       5B050800 – Инженерлік система және желі

6.  ХБК -на қабылдау мемлекеттік бюджеттiк қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

7. Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

8. Академияға түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтарға (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі - шығармашылық емтихандар) есебінен жүзеге асырылады. 

ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

9. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру  ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

10. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган  бекітеді.

11. Кәсіптік жоғары (жоғары) білімі бар азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды академияның Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 5В042000-Сәулет, 5В042100-Дизайн мамандықтарына түсу барысында кәсіптік жоғары білімі бар азаматтар әңгімелесуден басқа екі шығармашылық емтихан (бірінші білімі ұқсас мамандықтардан басқалары) тапсырады.

12. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды Халықаралық білім беру корпорациясы дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде Халықаралық білім беру корпорациясы әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

13. Академияға оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді.

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавриат және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

14. Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттар «Білім туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау» (31.03.11 ж. ҚР № 336 БҚ) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қабылданады:

 — білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (құжат ресмилендірілуі тиіс);

 — білімі туралы құжат қосымшасы (түпнұсқа) төмендегі ақпараттарды қамтуы тиіс: практикадан өткен оқу пәндерінің сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және біліктілік жұмыстары, оқу үдерісінің басқа құрамы (құжат ресмилендірілуі тиіс);

 — мемлекеттік және орыс тілінде білімі туралы құжат пен қосымшаның нотариалдық куәландырылған аудармасы. Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасы территориясындағы нотариуспен немесе территориясында құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдарымен орындалуы тиіс;

Кейбір жағдайларда (мысалы, прецендентін мойындағанда) құжат берілген елдегі ҚР дипломатиялық қызмет органымен территориясында құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдарымен орындалған аударма берілуі мүмкін;

 — мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармамен білімі туралы құжат иесінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

 — оқу орнының мөрімен куәландырылған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда (қажетті жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілінде нотариалдық куәландырылған аудармасымен), білімі туралы құжат берген оқу орнының аккредитациясы туралы лицензия және/немесе куәлік көшірмесі.

15.  Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында Академияның қабылдау комиссиясы жүргізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер бір ғана шығармашылық мамандықты көрсетеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

16. Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Шығармашылық емтихандарды тапсырмаған немесе құжаттарын қайтарып алған талапкерлердің емтихандық жұмыстары мен емтихан қағаздары талапкерге қайтарылмайды, жойылады.

17. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

18. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Қабылдау комиссияға белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

19. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым  мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

20. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән:

- 5В042000, 5В042100 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі;

- 5В050600, 5В050700, 5В050800, 5В071100 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, география;

- 5В072900, 5В073000, 5В072500 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, физика.

21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептелінеді: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.

23. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.

24. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

25. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.

26. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.

27. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

28. Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi. Мемлекеттік білім гранттарын алу байқауына қатысу үшін құжаттар 23-шілде мен 31-шілде аралығында қабылданады. Тағайындауды білім саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

29. Мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына қатысу үшін азамат корпорацияның Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама және де жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткізеді.

30. Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді. Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

31. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар қабылдау комиссиясына басым құқықты растайтын құжат тапсырады.

32. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.

33. Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде "Алтын белгі” белгісінің иегерлері білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

34. Білім беру грантын алу байқауында қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдары есепке алынады.

Байқауға қатысу үшін 50 балдан кем жинамауы тиіс, оның ішінде кемінде 7 балл профильдік пән бойынша (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл болуы қажет.

35. Білім беру грантын алу байқауы кезінде ҰБТ сертификатына немесе кешенді тестілеу балына сәйкес:

1) "Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар. Халықаралық және мемлекеттік олимпиаданың пәндері, ғылыми жарыстардың, орындаушылар байқауының, спорттық жарыстардың пәндеріне сай мамандықтар тізімін Министрлік бекітеді.

36. Білім беру гранттары бірінші кезекте Типтік ережелердің 35 бабына сәйкес ЖОО-на түсуге құқылы азаматтарға тағайындалады:

Бұдан әрі білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеудегі сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

37. Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.

Бiлiм гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.

38. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатының көрсеткіші бірдей болған жағдайда мемлекеттік грантқа, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік грантқа жетім балалар; ата-ана қарауынсыз қалған балалар; І және ІІ топ мүгедектері; туа біткен мүгедектер; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысына сай білім беру ұйымдарына білім алуға тыйым салынбаған мүгедек балалар; оқуды үздік аяқтағандықтары туралы құжаттары бар азаматтар құқылы.

39. Ауыл жастарына бекітілген квота бойынша мынадай жағдайда мамандықтарға байқау жүргізіледі: 70 пайыз грант осы мамандықтардың жалпы санынан және оқуту тілі, жалпы байқаудың тәртібі бойынша, ал қалған 30 пайыз грант ауылдан келген жастар арасында байқау жүргізу арқылы беріледі.

Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.

Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

40. Мемлекеттік комиссия бiлiм гранттарын иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.

Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға корпорацияның Қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледі.

41. Корпорацияның Қабылдау комиссиясына азаматтар қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

42. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі бар азаматтар арнайы (шығармашылық) емтиханды ХБКда тапсырған жағдайда ғана корпорацияға қабылданады.

43. Ақылы негізде оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

44. Қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды тамыз айынының 10-нан 25-і аралығында өткізеді.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

45. ҰБТ қорытындысы бойынша және кешенді тестілеуден жоғары балл алған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге, корпорация «Scholarships» білім беру грантына байқау жүргізеді.

«Scholarships» грантының иелері, бiрiншi емтихан сессиясының нәтижесi бойынша тек қана «өте жақсы» болатын бағалар, «Scholarships» академияның арнайы стипендиясының беруі туралы ережелерге сәйкес грант бойынша оқуды жалғастырады. Басқа жағдайда, оқушы өз оқуына толық көлемде төлем ақысын төлейді бiрiншi курстың бiрiншi семестрiнен.

 

 

3.       ХБК жанындағы Үздіксіз білім бері институтына қабылдау тәртібі

46. Үздіксіз білім беру институтының негізгі міндеті лицензияланған мамандықтар бойынша ҚР сәулет-құрылыс бейініндегі ЖОО оқытушыларының қысқа мерзімді біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру мен жүргізу және қайта дайындау, құрылыс сұрақтары бойынша кеңес беру қызметі болып табылады.

47. Біліктілікті көтеру және қайта дайындау курстарына орта кәсіптік білімі бар немесе ЖОО-мен, компаниялармен шарттық негізде немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша азаматтар қабылданады.

48. Қысқа мерзімдік курстардың ұзақтығы 2 аптадан 6 аптаға дейін.

49. Біліктілік курстары аяқталғанда тыңдаушыларға белгіленген үлгіде куәлік (сертификат) беріледі.

 

4. Арақашықтықта білім алу технологияларын пайдалана отырып  оқуға қабылдау тәртібі.

50. Арақашықтықта оқыту технологияларын қолданып ҚазБСҚА келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды :

5В042000 – Сәулет

5В042100 - Дизайн

5B050600 – Экономика

5B050800 – Есеп және аудит

5B071100 – Геодезия және и картография

5B072900 – Құрылыс

5B073000 – Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру

5B075200 – Инженернерлік система және желі

51. АБТ бойынша  келесі   азаматтар білім ала алады:

1) Техникалық және кәсіптік , орта білімінен кейінгі және жоғарғы білімі бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша  қабылданады .

2) Барлық білім беру деңгейлерінде шектеулі физикалық мүмкіндіктерімен, соның ішінде мүгедек  балалары бар, I және топтың II мүгедектігі ;

3) Шет мемлекеттерге  жоғарғы білім дәрежесінде аусыпалы түрде оқитындар,"Болашақ" стипендиаттарынан басқа;

4) Жоғары білімнің деңгейде жедел әскери  қызметке шақырылғандар; 

5) Жоғары білімнің деңгейде көп мерзімді іс сапарда (4- айдан астам) болғандар;

6) АБТ бойынша білім алудың басты шарты, таңдалған мамандық бойынша қызметте болу;

52.  АБТ бойынша білім алғысы келген азаматтар Президент- ректордың  атына өтініш жазады. Ол өтініш азаматтың  АБТ ны дұрыс  қолдана алатыны туралы дәлелімен бірге болуы тиіс;

1)Өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін азаматтар, жұмыс орнынан анқтамасы болуы тиіс;

2) Мүгедек балаларға  психолого-медико-педагогикалық кеңестің  ұсынысы болуы тиіс;

53. Өтініш 5 күнтізбелік күн ішінде қарастрылады. АБТ бойынша ҚазБСҚА ға қабылдау  туралы бұйрық  2 күнтізбелік күн ішінде рәсімделеді.

54. Бұйрыққа қосымша:

1) Білім алушының өтініші; жұмыс орнынан анықтама;

2) Білім алушының жеке білім алу жоспары;

3) Әр білім алушының  жеке оқу қызметінің кестесі;

4) Психолого-медико-педагогикалық кеңестің мүгедек балалардың  арақашықтық білім алу оқу үдерісіне қатыса алуы туралы  ұсыныстары .

Бұйрық шыққаннан соң 2 күнтізбелік күн ішінде ҚазБСҚА  білім алушыларды АБТ бойынша білім алудың қызметінің кестесі және білім алу жоспарымен таныстырады.

55. АБТ бойынша білім алуға тіркелу және қабылдау 8-35,43,44 осы бөлім ережелері бойынша іске асырылады.

5. Арақашықтықта білім алу технологияларын пайдалана отырып  оқуға қабылдау тәртібі.

56. Арақашықтықта оқыту технологияларын қолданып ҚазБСҚА келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды :

5В042000 – Сәулет

5В042100 - Дизайн

5B050600 – Экономика

5B050800 – Есеп және аудит

5B071100 – Геодезия және и картография

5B072900 – Құрылыс

5B073000 – Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру

5B075200 – Инженернерлік система және желі

57. АБТ бойынша  келесі   азаматтар білім ала алады:

1) Техникалық және кәсіптік , орта білімінен кейінгі және жоғарғы білімі бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша  қабылданады .

2) Барлық білім беру деңгейлерінде шектеулі физикалық мүмкіндіктерімен, соның ішінде мүгедек  балалары бар, I және топтың II мүгедектігі ;

3) Шет мемлекеттерге  жоғарғы білім дәрежесінде аусыпалы түрде оқитындар,"Болашақ" стипендиаттарынан басқа;

4) Жоғары білімнің деңгейде жедел әскери  қызметке шақырылғандар; 

5) Жоғары білімнің деңгейде көп мерзімді іс сапарда (4- айдан астам) болғандар;

6) АБТ бойынша білім алудың басты шарты, таңдалған мамандық бойынша қызметте болу;

58.  АБТ бойынша білім алғысы келген азаматтар Президент- ректордың  атына өтініш жазады. Ол өтініш азаматтың  АБТ ны дұрыс  қолдана алатыны туралы дәлелімен бірге болуы тиіс;

1)Өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін азаматтар, жұмыс орнынан анқтамасы болуы тиіс;

2) Мүгедек балаларға  психолого-медико-педагогикалық кеңестің  ұсынысы болуы тиіс;

59. Өтініш 5 күнтізбелік күн ішінде қарастрылады. АБТ бойынша ҚазБСҚА ға қабылдау  туралы бұйрық  2 күнтізбелік күн ішінде рәсімделеді.

60. Бұйрыққа қосымша:

1) Білім алушының өтініші; жұмыс орнынан анықтама;

2) Білім алушының жеке білім алу жоспары;

3) Әр білім алушының  жеке оқу қызметінің кестесі;

4) Психолого-медико-педагогикалық кеңестің мүгедек балалардың  арақашықтық білім алу оқу үдерісіне қатыса алуы туралы  ұсыныстары  .

Бұйрық шыққаннан соң 2 күнтізбелік күн ішінде ҚазБСҚА  білім алушыларды АБТ бойынша білім алудың қызметінің кестесі және білім алу жоспарымен таныстырады.

61. АБТ бойынша білім алуға тіркелу және қабылдау 8-35,43,44 осы бөлім ережелері бойынша іске асырылады.

 

Халықаралық білім беру корпорациясына құжаттарды қабылдау және өткізу мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)309–77–33, 380–06–66

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы – Аширбаева Қарлығаш Хамзаевна.