ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Негізгі бет → Сәулет факультеті →  Ғылыми-зерттеу жұмысы

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

 

UIA-2017

2017 жылдың 3-7 қыркүйек аралығында Сеул қаласында (Оңтүстік Корей) «UIA-2017 Seoul World Architects Congress» аталуымен XXVI Халықаралық сәулет Одағының Дүниежүзілік сәулетшілер когресі өтті. Когреске Қазақстан сәулетшілер одағының делегациясынын ішінде ҚазБСҚА  Сәулет Факультеті (СФ) сәулетші-профессорлары  Исходжанова Г. Р.(СФ деканы),  Абдрасилова Г.С., Козбагарова Н.Ж., Туякаева А.К. қатысты.

Бұл съезде 124 елден келген 9000-нан астам делегат - сәулетшілер жиналды. «Қаланың жаны» деп аталған Конгрестің тақырыбына сәйкес, делегаттар қаланың тұрақты құндылықтарын біріктіріп, бай және бақытты өмірді қамтамасыз ететін «Мәдениет», «Болашақ», «Табиғат» сияқты әр түрлі идеяларды талқылады.

                Мұнда Патрик Шумахер ( Заха Хадид шеберханасының жетекшісі) ІТО Тойо (Жапония), Доминик Perro (Франция) және басқа да белгілі, сәулет әлемінде танылған елу қонақ, АҚШ, Корей, Германия, Мексика, Бразилия елдерінен келген спикерлері сәулет қоғамдастықтың тұсаукесерін жасап, жобаларының   шығармашылық әдістерін, идеяларын көрсететті.

Конгресстің форматы бірнеше тақырыптық академиялық бағдарламалардан тұрды, конкурстар, студенттік іс-шаралар, семинарлар, сәулет және қала құрылысы саласындағы ғылым дамуының деңгейін көрсететін шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрмелеріне арналған болды.

 

 

«Алматы қаласының үздік аялдама кешені» байқауының жеңімпаздары.

 Алматы қаласының әкімшілігі 2017 жылдың 25 мамырда өз қолдауымен БҰҰДБ-ҒЭҚ «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы ұйымдастырған, республикалық байқауының «Алматы қаласының үздік аялдама кешені» жеңімпаздарын марапаттады. Жеңімпаздар: II дәрежелі диплом – Шадыбеков Темирхон, Арх14-4 тобының студенті , ғылыми жетекшісі – Приемец О.Н.; Mustanov Ибрахим, студенттік GR - III дәрежелі диплом – Мустанов Ибрагим, Арх13-5 тобының студенті, ғылыми жетекшісі – Приемец О.Н.

Марапаттау компаниясының өкілдері мен әкімнің орынбасары Тауфиков Румиль Тауфикович қатысуымен мерекелік атмосферада өтті. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды, факультетінің деканы Исходжанова Г.Р. байқау үшін студенттерді дайындауға атқарылған жұмыс үшін алғыстарын білдірді.


Алғыс хат жеткізілімі

 

 

ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 30.06.2017 ж. Алматы қаласындағы «Атакент» көрме павильонында  VI-ші Инновациалық форум өтті. Форумда қойылған сұрақтар: Алға шығу үшін қалалар не истеулері қажет? Инновациялық экожүйелерді қалай дамыту керек? Жаһандық сандық экономика? Ғылым, технология, өнер және мәдениет – ақылды қалаларды қалай инклюзивті және тұрақты етуге болады? Алматының қалалық кеңістігін жандандыру? осындай мәселер жайлы басты спикерлер сөз сөйледі. Олар - Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, «Global VisionSilicon Valley» ұйымының төр ағасы Марк Ивановски, Манчестерлік «MadLab» атты сандық лабораторияның төр ағасы Дейв Картер, CEO «Gehl Atchitects» атты голландиялық жобалау бюросының қала сәулетшісі Рикардо Марини.

Форумға ХБК-ның Президенттің кеңесшісі С.Ж. Сихимбаев және СФ-нің профессорлары: декан Г.Р.Исходжанова, Н.Ж. Қозбагарова және А.Қ. Туякаева белсенді қатысты. Форумның өту барысында, барлық қатысушылар көрмеге қойылған барлық шығармалармен  танысуға мүмкіндік алды. Басқа қатысушылардың арасында, өздерінің ғылыми нәтежиелерін көрсеткен балаларға арналған инновациолық орталықтар ерекше көзге түсті. Тұрақты даму ағынында қалыптасып келе жатқан әйгілі қалалардың көбісі, қаланың әр орталығында орналасқан дәл осындай инновациолық орталықтарға сүйенеді. 

 

 

АЛМАТЫ – БАКУ – ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨПІРІ

                10 жылдан астам уақыт бұрын КазБСҚА-ның Сәулет Факультеті мен Әзірбайжандық сәулет-құрылыс университетінің ынтымақтастығы басталды.

Ынтымақтастықтың аймағы кең болды:  оқу бітіруші түлектер жұмыстарының көрме -конкурстары, ғылыми конференциялар,  докторлық диссертацияларды қорғау бойынша кеңестің мүшелігі (акад.проф. ФА Абдрасилова Г.С.), және барлық өткізілген іс-шаралар университеттер арасында ынтымақтастық туралы келісім шарт бекіту арқылы жүргізілді.

2017 -ші жылдың маусым айында СФ-ның академиялық профессорлары Г.С. Абдрасилова (диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде) және  Н.Ж. Козбагарова (диссертацияның оппоненті ретінде) Баку қаласына АзАҚУ-да өткен  Гусейнова Эмира Фикрет оглының «Азербайджан республикасының қалаларының тұрақты дамуын жобалау  (мәселелер мен методология) атты докторлық диссертациясын қорғау бойынша кеңесіне қатысты.

                Қорғау барысында заманауи қалалардың тұрақты дамуы бойынша және осы бағыттық зерттеудің аймақтық  ерекшеліктері көп қырлы мәселе ретінде  талқыланды. Кеңес кезеніндегі қалаларды жалпы үрдістер және олардың тұрақты даму принціптеріне бағытталуы біріктіреді. Әрине, әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар және осындай мәселерді қала салу аймағынан шешудегі бағыттар әр зерттеушінің жеке басының тәжірбиесін байыта түседі. Бір жағынан біз оппонент ретінде сөз сөйлесек, екінші жағынан аймақтық мәселелерді шешу ерекшеліктерімен, мәдениетімен таныстық.

                «Көпір»  салынып қойылған болса, онда тек оның жайлылығы мен пайдалану үнемділігін арттыру ғана қалады. 

 

 

Қаратау таулары, петроглифтер Боролдай шатқалы