2019 жылдың 9-10 қарашасында Халықаралық Білім Беру Корпорациясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жастар жылына» орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімін ескере отырып «Engeeners CUP I» Республикалық қайырымдылық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Пікірталас турнирі «Soft Skills Kazakhstan» ораторлық мектебінің қолдауымен, «PRESIDENT LDC» дебат клубының ұйымдастыруымен өтті.
Пікірталасқа республикамыздын 14 ЖОО қатысты.
АПФ форматы бойынша:
1- орын ҚазҰУ, «OG» фракциясы
2- орын «Нархоз» Университеті , «Жетінші құрылық» фракциясы
3- орын «Тұран» Университеті, «Фаиз» фракциясы
Линкольн-Дуглас форматы бойынша жеңімпаз «Нархоз» Университетінің студенті Дүйсенов Қуанышбек марапатталды.

алдыңғы жаңалық | келесі жаңалық
барлық жаңалықтар

Пікірлер

КОММЕНТАРИИ ҚАЛДЫРУ