ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Хабарлама

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! БАЙҚАУ!!!

 17.09.2018 

Жаңалықтар

19

қаз

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенттері үшін биылғы Елбасының жолдауында жарқын, нақты әлеуметтік бағыт бар. Ол әрбір қазақстандыққа қатысты. Біз үшін маңызды сөздер айтылды – бұл адам дамуы, әлеуметтік капиталдың, әл-ауқаттын өсуі, әрбір адамның өмір сапасын жақсарту.

толық >>

18

қаз

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында қала ұйымдарының бірінші және екінші курс студенттерімен «Есірткіге жол жоқ!» атты кездесу өткізілді.

толық >>
Негізгі бет → Талапкерлерге → Кредиттік оқыту жүйесі

Кредиттік оқыту жүйесі    

 

ҚазБСҚА – толық циклді аяқтаған, ҚР БжҒМ 17.06.03 жылғы №386 «Ғылыми-педагогикалық тәжірибе туралы» бұйрық негізінде кредиттік оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлауды жалғастырып келе жатқан сәулет-құрылыс саласындағы Қазақстанның жалғыз жоғары оқу орны.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Атап айтсақ, оқу жоспарларына міндетті және элективті пәндер жүйесі енгізілді. Оқу жоспарына кіретін пәндердің жалпы көлемінің 40% астамын элективті пәндер құрайды.
Таңдау еркіндігі кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып табылады: студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады, және де білім траекториясын өздері қалыптастыра алады. Осыған орай типтік және жұмыс жоспарларымен қатар білім мазмұнын, оқыту ұйымдастырылуын анықтайтын білім алушылардың жеке оқу жоспарлары (Curriculum) енгізілді.
Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай жүргізіледі.
Бакалавриатта 1 кредит 15 апта (семестр) бойы студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 сағатына мен аудиториялық жұмыстың 1 академиялық сағатына тең. Осылайша, кредиттің еңбек сыйымдылығы 45 академиялық сағатқа (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ) тең.
Студент бір семестрде 12 – 18 кредит, бір жылда 24 – 36 кредит жинауы керек.
4 жыл ішінде бакалавр 128 кредит, ал магистрант 6 жыл ішінде 176 кредит жинайды.
Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.
Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – әлем тәжірибесінде қабылданған Office Hours терминінің аналогы. БОӨЖ мақсаты – студентке аудиториялық сабақтар материалы бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық жобаларды, есептеу-графикалық және бақылау жұмыстарын орындауға мүмкіндіктер туғызу.