ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

17

қар

2018-жылы ақпан айының 24-де (сенбі күні) сағ.10-00-14-00 дейін, 559-ші дәрісханада (5-ші қабат) Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының «Сәулет» факультетінде орта мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушыларына арналған

толық >>

16

қар

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері, атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.

толық >>

қараша

19

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Факультеттер → Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті

http://www.kazgasa.kz/upload/images/small/54475_925038_13.jpg

Факультет тарихы

Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті (ЖГДФ) 2005 жылы шет тілі, қазақ және орыс тілдері кафедрасын, әлеуметтік ғылымдар кафедрасын біріктірген  жалпы дайындық факультеті (2000-2005 жж.) базасында 2005 ж. 3 мамырдағы «Академияның құрылымдық оқу бөлімшелерін қайта құрылымдау туралы» № 25 бұйрығы негізінде құрылды. ЖДФ-де А.К. Абишев (2000-2004 жж.), К.Б. Нұғмановтар (2004-2005 жж.) декандық қызмет атқарды.

ЖГДФ-ның бірінші деканы ассоц. профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Б. Әділбаева (2005-2007 жж.) болды. 2007-2016 жылдар аралығында – педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор  Н.С. Шынтаева.  2016-2017 жж. – тарих ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор А.Қ. Жұмаділ. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖГДФ деканы – философия ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор                    Р.Х. Кабилова.

Факультет миссиясы – ҚазБСҚА болашақ мамандарының жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін гуманитарлық және әлеуметтік білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Жалпы гуманитарлық дайындық факультетін құрудағы мақсат – әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді жүйелі үйлестіру, біріздендіру және жалпы кәсіптік, арнайы пәндермен және жоғары оқу орнына дейінгі даярлықпен өзара тығыз байланыс орнату.  

Мол тәжірибесі бар оқытушылар белсенді әдістемелік және ғылыми қызметті жүзеге асырады. Секциялар бойынша факультеттің ішінде ай сайын әлеуметтік-гуманитарлық циклдер пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін талқылау бойынша әдістемелік семинарлар өткізіледі. 

Факультет дәстүрінің бірі – ұжымның оқу-тәрбие үдерісі мәселелерін шешудегі, жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларды, мектеп түлектеріне арналған Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша Олимпиадаларды өткізудегі ынтымақтаста жұмыс істеуі.

Факультет базасында British Council халықаралық ұйыммен бірлесіп біліктілігін арттыру бойынша семинарлар, сондай-ақ ағылшын тілі ПОҚ ҚМЭБИ, Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰИТУ, «Тұран» университеті, ҚазМемҚызПУ-дағы әріптестердің қатысуымен жоғары оқу орныаралық әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.

 

Гуманитарлық білім беру орталығы ретінде факультет талапкерлерге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген әрі Қазақстандағы және шетелдегі білім беру жүйесінің жаңа даму үрдістері ескерілген оқытудың заманауи білім беру бағдарламаларын үлкен ықыласпен ұсынады.  

Семинарлар, конференциялар, конкурстар

Факультет базасында British Council халықаралық ұйымымен бірге біліктілікті арттыру бойынша семинар, сондай-ақ КИМЭП, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, «Тұран» университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әріптестерінің қатысуымен ағылшын тілінің ПОҚ жоғары оқу орны аралық әдістемелік семинар өткізеді. Факультет ішінде секциялар бойынша ай сайын пәндерді оқыту әдістемесін талқылау бойынша семинарлар өткізіледі.