ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

25

қыр

25-09-2017

UIA-2017

2017 жылдың 3-7 қыркүйек аралығында Сеул қаласында (Оңтүстік Корей) «UIA-2017 Seoul World Architects Congress» аталуымен XXVI Халықаралық сәулет Одағының Дүниежүзілік сәулетшілер когресі өтті. Когреске Қазақстан сәулетшілер одағының делегациясынын ішінде ҚазБСҚА Сәулет Факультеті (СФ) сәулетші-профессорлары Исходжанова Г. Р.(СФ деканы), Абдрасилова Г.С., Козбагарова Н.Ж., Туякаева А.К. қатысты.

толық >>

25

қыр

Биылғы жылы Дизайн мамандығы 25 жыл мерей тойын атап өтуде, естерінізде болса бұл мамандық Қазақстанда, алгашқы рет КазГАСАда 1992 жылы ашылган болатын.

толық >>
Негізгі бет → Факультеттер → Жалпы құрылыс Факультеті

 ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫС ФакультетІ

http://www.kazgasa.kz/upload/images/small/12054_422279_13.jpg

 

Жалпы құрылыс факультеті өзінің түлектерін мақтан тұтады, олардың көбі қазіргі кезде әрі мемлекеттік қызметте, әрі мемлекеттік емес құрылымдарда жоғары лауазымдарға ие, ірі құрылыс компанияларының, жоба институттарының және ҒЗИ жетекшілері, Республикада және одан тыс елдерде танымал ғалымдар болып табылады. Олардың ішінде – «Сары-Арқа» АҚ президенті Кулибаев А. А., компаниялар президенттері (бас директорлары): Белович А. Я. («Базис» Корпорациясы), К. Т. Қалмурзин («Алматыстройинвест» ҚИФ), Бектемисов М. И. («Алматыпромстрой» ЖШС), Керейбаев С. Б. («Алматыкультбытстрой»), Баталов Р. А. («Райымбек»); Татыгулов А. Ш. («КазГОР» ЖА), Ашимбаев М.У. (ҚазҚСҒЗИ) және басқалары. Студенттердің оқу тәжірибесі кәсіпорындарда және ҚазБСҚА СҚО құрамында өтеді. Жоғарғы курс студенттері өндірістік тәжірибені «Алматықұрылыс», «Алматыгорстрой», «Базис-А», «Элитстрой», «KUAT» Корпорациясы, «Казстройсервис» АҚ, «Woolim Costruction» Оңтүстік Корея құрылыс компаниясының Алматы филиалы, АО «Біріктірілген құрылыс корпорациясы», «Алматыкультбытстрой», «Век», «Элеватормельстрой», «КазГОР», ҚазҚСҒЗИ, «Алматыгипрогор», «Серт» АҚ, «Имсталькон» АҚ және басқалары сияқты ірі құрылыс компанияларда, жоба институттарында және ғылыми-зерттеу институттарында өтеді. толық»

 

 

ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

 

Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаттары: оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру, оны қарқындату, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау тиімділігін арттыру. Әдістемелік жұмысты факультеттің Әдістемелік Кеңесі басқарады және бағыт береді, оған 2011 жылдан бері профессор ассистенті Ажгалиева Бану Аккуановна басшылық етеді. Тәжірибені алмасу және жас оқытушыларға көмек көрсету мақсатында ЖҚФ оқытушыларының сабақтарына өзара қатысу мәселелерін, мастер-класстардың өткізілуін факультеттің Әдістемелік Кеңесінде профессор ассистенті Тажымуратов Рахым Калиевич жетекшілік етеді.

Факультеттің әдістемелік кеңесінің функциялары және ПОҚ өткізетін жұмыстар:

• факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және жалпылау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу ұсынымдарын әзірлеу, сабақтардың барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру, компьютерлік техниканы және оқытудың басқа техникалық құралдарын қолдану, олардың тиімділігін талдау;

• жас оқытушыларға оқыту әдістемесін және сабақтың уақытын үлестіруді оқыту мақсатында оқытушылардың дәрістік және тәжірибелік сабақтарына өзара қатысуды ұйымдастыру;

• оқытушылар әзірлеген оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру материалдарын, белсенді-тарату материалдарын шығару бойынша ұсынымдар, сабақтар түрлері бойынша видеопрезентацияларды талқылау;

• оқу бағдарламасын, белсенді таратылатын материалдарды, әдебиетпен әдістемелік қамту картасын дайындау және бекітуді бақылау және факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық қызметінің басқа әдістемелік мәселелері;

• Академияның Әдістемелік Кеңесімен байланыс. толық»

 

Факультет филиалдары

 

Факультет мамандарды дайындау жөнінде кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен іскерлік қарым-қатынасын дамыта түсуде. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Имсталькон» АҚ,  «Нұрлы-Өмір-Құрылыс» ЖШС, «Сұлутор» ЖШС, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ, «Алматы газ желілері» ЖШС, «AVC Enginiring» ЖШС, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Интер Clima» ЖШС, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Казмеханобр» МҒӨЭБ, «Казгипроводхоз институты» ӨК ҚазБСҚА филиалдары негізінде ұйымдастырылған.