ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

21

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Басшылар блогтары

Басшылар блогтары

   Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының  вице-президенті

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы блогтың мақсаты – проблемалық мәселелерді талқылауға арналған жиылыс алаңын ұсыну, жоғары оқу орны саясатының тұжырымдамасы, кезек күттірмейтін келешек пен міндеттер туралы пайдалы ақпарат алу.

Біздің басты мақсатымыз – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын (ҚазБСҚА) жүйе құрушы көп деңгейлі зияткер білім беру орталығы ретінде кешенді дамыту: (мектеп – колледж – бакалавриат – магистратура).

ҚазБСҚА – жоғары білікті құрылысшылар, сәулетшілер, дизайнерлерді дайындау бойынша жетекші оқу орындарының біріне айналған алғашқы Қазақстандық жоғары оқу орны. 

Академия студенттері халықаралық деңгейдегі ғылыми, білім беру, мәдени шараларда елімізді көрсете алады. Үздік білім мен алға қойылған міндеттерді шешуге креативті тәсілдеме жеңіс әкелуде. Сонымен қатар студенттеріміз халықаралық пәндік олимпиадалар, конкурстар мен дипломдық жобалардың жеңімпаздары.

Білім алушылардың жоғары көрсеткіштері профессор-оқытушылар құрамының үздіксіз еңбегі, білім беру қызметіне деген шығармашылық тәсілдемесінің жемісі болып табылады.

Біздің ғалымдарымыз бен оқытушыларымыз сабақта инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу нәтижелерін қолданады, осылайша отандық ғылым мен білім беру әдістемесіне елеулі үлес қосады.

ҚазБСҚА үздік әлемдік және отандық стандартқа сәйкес заманауи оқу және ғылыми жабдықпен жабдықталған.

Біз Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен және ТМД мен алыс шетелдің ғылыми-білім беру орталықтарымен шығармашылық байланыс пен іскери қатынас жасайды.

Бізде алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізіліп, гранттық қаржыландыру негізінде және шаруашылық шарт тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер белсенді жүргізілуде, халықаралық ынтымақтастық үнемі өсіп, дамып келеді.

Қазіргі өнеркәсіптік және жартылай өнеркәсіптік, АҚШ, Жапония, Германиядан шығарылған заманауи ғылыми жабдықпен жабдықталған оқу-зертханалық корпус бар.

Барлық практика түрлерін өту үшін жыл сайын база кеңейтіледі. Білікті мамандар дайындауда меншік түрінен тәуелсіз ұлттық компаниялармен, ірі кәсіпорындармен тікелей байланыс үлкен рөл атқарады.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университетінің (ҚАУ) түлектері бүгінгі күні ірі ұлттық компанияларда және мемлекеттік қызметтерде шынайы талап етіледі. Бізде өндіріс ұйымдастырушылары, жоғары буын топ-менеджерлері кәсіби білім алды.   

Осының барлығын біз мақтан етеміз!

Ең бастысы бізде ешқандай бастау да, ешқандай идея да онсыз жүзеге аспайтын ресурс – адами капитал бар!

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университетінде (ҚАУ) білім алуға шешім қабылдап, Сіз дұрыс таңдау жасайсыз!

 

Құрметпен,
Адиль Сагымбекович Несипбаев


 

 

Задайте свой вопрос