ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет →   Колледж

Колледждің негізгі беті

Колледж- ҚазБСҚА-ның құрылымдық бөлімшесі

толық

ҚазБСҚА жанындағы лицей

толық

ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

толық

       2000 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 07.02 жылғы № 05-8 1592 шешімімен (ҚР БжҒМ «ҚазБСҚА жанында колледждер ашу туралы» 19.04.2000 жылғы №60 бұйрығы) ҚазБСҚА жанында үш колледж ашылды. Сәулет және дизайн колледжі (СДК), директоры – Садвакасова Г.К., құрылыс-экологиялық колледж (ҚЭК), директоры - Шинибаев А.Д., және Экономикалық колледж (ЭК), директоры – Карамалдаева Ж.К. 18.10.2001 жылғы №30 бұйрықпен академияны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру және тең функционалды оқу-ұйымдастырушылық құрылымдардың тәртіпке салынған жұмысын қамтамасыз ету мақсатында үш колледж ҚазБСҚА Колледждер кешеніне түрлендірілді, директоры – Шинибаев А.Д.

     2002 жылдың 10 шілдесінен бастап, ҚазБСҚА Колледждер кешенінің білім беру қызметі орта кәсіптік білім берудің 11мамандығы бойынша оқыту-кәсіптік бағдарламаларын іске асыру үшін Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы ЖАҚ берген Сериясы АА №0000025 Мемлекеттік лицензиясы және лицензияға Қосымша негізінде жүзеге асырылды.

2003-2004 жж. аралығында ҚазБСҚА жанындағы колледжде кредиттік оқыту жүйесі енгізілген. 2005 жылдың қазанында ҚР БҒМ Бұйрығы бойынша ҚазБСҚА колледжі негізінде «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби оқу мекемелеріне кредиттік оқыту технологияларын енгізу мүмкіндігі» тақырыбында алғашқы Республикалық семинар-кеңес өткізілді.

 

2005 жылға дейін колледждерге оқушылар контингенті орта жалпы білім негізінде, яғни 11 сыныптан кейін қабылданды.

2005 жылдан бастап, негізгі жалпы білім негізінде, яғни 9 сыныптан кейін контингент қабылдау басталды.

Мұрат Алимович. 2005 жылы ҚР БҒМ қамқорлығымен Қазақстанда алғаш рет ҚазБСҚА колледжі негізінде еліміздің орта кәсіби оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу жөніндегі республикалық семинар өткізілді.

 

2007 жылдан бастап, Колледждер кешенінде екі колледждің білім беру қызметі жүргізіледі: Сәулет колледжі мен Құрылыс және дизайн колледжі (колледждер кешенінің директоры – Абетов М. А., сәулет колледжінің директоры -  Новикова Г.А., құрылыс және дизайн колледжінің директоры – Садыканова С.Х.).

2009-2010 оқу жылында «ҚазБСҚА колледждер кешені» атауы алынып тасталды, білім беру қызметі екі автономды колледжде жүргізілді: Сәулет колледжі (директоры Новикова Г.А.) мен Құрылыс және дизайн колледжі (директоры - Садыканова С.Х.), Педагогикалық кеңес пен Әдістемелік кеңес бірге болды.

2010-2011 оқу жылында екі колледж бір колледжге біріктірілді – ҚазБСҚА жанындағы колледж (директоры – Новикова Г.А.).

Колледждің Педагогикалық Кеңесінің қызметі колледж кураторы, ҚазБСҚА бірінші проректор-директоры Шапрова Г.Г. бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі, отырыстар жұмыс жоспарына сай жүргізіледі, хаттамалар толтырылады.

Колледждегі міндетті ата-аналар жиналыстары жылына екі рет – қыркүйекте (1 курс студенттерінің ата-аналары үшін – КОТ бойынша оқыту шарттарымен, ПТЖ талаптарымен, оқыту төлемдерімен және т.б. ата-аналарды таныстыру). Екінші жиналысты кураторлар емтихандық сессиялардың алдында және сессиядан кейін өткізеді.

2013 жылғы ақпан айында ҚазБСҚА жанындағы колледж мемлекеттік аттестациялаудан ойдағыдай өтті.

 

Техникалық және кәсіби білім  беру бағдарламасының аясында келесі бағыттар бойынша маман даярлау жүзеге асырылады: 

Ø       1418000 Сәулет: оқыту түрі – күндізгі, біліктілік – техник-жобалаушы;

Ø       0402000 Дизайн (бағдар бойынша): оқыту түрі – күндізгі, біліктілік – дизайнер (әрлеуші);

Ø       1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану: оқыту түрі – күндізгі және сырттай, біліктілік – техник-құрылысшы.

 

Басқа өңірлерден келетін шәкірттерге академияның «ҚазБСҚА студенті үйі» жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Жатақхана жаттығу залымен, асханамен, Ғаламтор сыныптарымен, демалыс бөлмелерімен, мәжіліс залымен жабдықталған. Мұнда шәкірттеріміздің жайлы өмір сүруіне қажетті барлық жағдай жасалған.